ВТБ банкінің таза пайдасы 118%-ға өсті

64
ВТБ
Фото: dp.ru

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылы ВТБ банкінің активтері 6%-ға артып, 162 млрд теңгені құрады. Банктің жарғылық капиталы 29,9 млрд теңге болды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл ішіндегі таза пайда 118%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады.

«Өткен жылдың қорытындысы біз үшін өте табысты болды. 2018 жылы ВТБ банк тобының 2017-2019 жылдарға арналған Даму стратегиясы шеңберінде белгіленген мақсаттарды іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Банктің барлық үш бизнес-желісі: бөлшек, шағын және орта, сондай-ақ ірі — инвестициялық бизнес өткен жылды табысты аяқтады», – деді ВТБ Банкі (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Сондай-ақ, банк төрағасының айтуынша, есепті кезеңде банктің кредиттік портфелі 26%-ға өсті. ЕДБ рейтингісінде капиталға кірістілігі бойынша 5-ші орынға және пайда мөлшері бойынша 18-ші орынға ие болды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша банк міндеттемелері 141,2 млрд теңгені құрады. Кредиттік портфель 91,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде 42% – жеке тұлғаларға кредит беру, 45% — орта корпоративтік бизнесті қаржыландыру және 13% – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру. Сонымен қатар, өткен жылы банк таза пайда бойынша жоспарды 3 еседен артық орындады. CIR бизнес тиімділігінің көрсеткіші 17,9%-ды құрады.

Айта кетейік, S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) ел банктері арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие: ұзақ мерзімді «ВВ+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде. Рейтингтің өзгеру болжамы – «тұрақты».