Қырғызстан Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

1177
Нұрсұлтан Назарбаев пен Омурбек Бабановтың кездесуі. Сурет akorda.kz сайтынан алынды

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — 19 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Омурбек Бабановпен кездесуінен кейін Қырғызстан СІМ наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының ішкі саясат ведомствасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан Республикасы Сырты істер министрлігінің есептеуінше, Назарбаев Қырғызстан халқының таңдауына әсер етпек болды.

«Министрлік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне кандидат Омурбек Бабановпен кездесуде оған алда болатын сайлауға қолдау көрсеткеніне қатысты өз наразылықтарын білдіреді. Қазақстан президенті Қырғызстанның ішкі істеріне араласпаймын десе де, ол өз сөзі арқылы Қырғызстан Республикасының болашақ президенті ретінде Қазақстанға қолайлы үміткерді таңдауға ықпалын тигізбек болды», — деп жазылған олардың наразылық хатында.

Қазақстан Президенті кандидат Омурбек Бабановпен кездесуінде, екіжақты серіктестікті кеңейтудің маңыздылығы мен алдағы уақытта елдер арасындағы байланысты нығайтуды талқылады.

«Біз қырғыз халқы сенім артатын жаңа президентпен де бұрынғыдай белсенді екі жақты қарым қатынаста боламыз», — деген болатын Назарбаев Омурбек Бабановқа.