Қыркүйекте Қазақстандағы ақша көлемі 5,3 пайызға өсті

жылы

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда ақша көлемі қыркүйекте 5,3 пайызға артып, 20,509 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Айналымдағы қолма-қол ақша көлемі қыркүйекте 0,2 пайызға (1,816 трлн теңге) дейін төмендесе, қаңтар-қыркүйекте 3,9 пайызға өскен.

Тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейдегі банктердің мерзімді депозиттерін есептемегенде) 12,3 пайызға (қаңтар-қыркүйекте — 18,3% ) өсіп, 5,669 трлн теңгеге дейін жетті. 2017 жылдың 9 айында ақша көлемі 3 пайызға көбейген.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан жаңа ақша-несие саясатына өтті. Теңге еркін айналымға жіберіліп, ұлттық валютаның айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылатын болды.