Қытайда автокөлік сатылымы төмендеп жатыр

519
A visitor walks past a Toyota Motor Corp's car displayed behind a sign in both Chinese (L) and Japanese at the company's showroom in Tokyo October 18, 2012. Toyota Motor Corp is considering trimming its 2012 group-wide production plan by about 2 percent because of a drop in sales in China after a territorial row, a Japanese newspaper reported, but the company denied it had altered its target. The Japanese word reading "Cute Driving". REUTERS/Toru Hanai (JAPAN - Tags: TRANSPORT BUSINESS POLITICS)

Қытайда осы жылдың мамыр айында жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға, 1,61 млн бірлікке дейін артқан. Бұл туралы Қытайдың автоөндірушілер қауымдастығы (China Association of Automobile Manufacturers, CAAM) мәлім етті.

Бұл екі жылдан бергі осы көрсеткіштің ең төмен өсімі — 2013 жылдың ақпанында Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың бір апта бойына тойлануына байланысты сатылымдар 8,3%-ға төмендеп кеткен болатын.

ҚХР-дағы бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда General Motors Co. автокөліктерінің Қытайдағы сатылымы өткен айда 4%-ға, 252,567 мыңға дейін қысқарды, бұл негізінен модельдік қатардың ауысуына байланысты болды.

Ford Motor Co. өз сатылымдарын 4%-ға, 91,013 мыңға дейін арттырды, бұл ретте жапондық Nissan Motor Co. 102,5 мың машина өткізген, бұл шамамен өткен жылғы көрсеткішке сәйкес келеді.

Қаңтар-мамырда Қытайдағы жеңіл автокөліктердің сатылымы 8,58 млн бірлікті қамтыды, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 6,4%-ға артық.