Қытайдың валюта қоры тамызда $93,9 млрд-қа азайды

433

ҚХР-ның валюталық резервтері 93,9 млрд долларға қысқартылды. Бұған Орталық банктың юань курсын қолдау үшін және елдегі капиталдың сыртқа кетуінің алдын алу үшін өткізген интервенциясы себеп болды деп хабарлады Қытай Халық банкі.

Өткен айдың соңында қор көлемі 3,56 трлн долларды құраған еді. Дегенмен олар төртінші ай қатарынан төмендеп келеді деп атап өтеді MarketWatch.