Қытайлық компания қазақстандық мыс кенінің 19 пайыздан астамын сатып алады

Қытайлық
Фото: Atameken Business Channel

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz — Қытайлық Non Ferrous China (NFC) компаниясы қазақстандық Көксай жобасының 19,4% үлесін  сатып алады, деп хабарлайды KAZ Minerals.

NFC қазақстандық компанияға 70 млн доллар инвестиция салмақ. Жобадағы үлес инвестицияға айырбас ретінде жасалады.

Қазақстандық компания 70 млн долларды Көксайды дамытуға бағыттамақ. Оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) де бар. ТЭН шеңберінде тау-кен өндіру және қайта өңдеу өндірісінің егжей-тегжейлі моделі жасалады.

Көксай — Алматыдан 230 шақырым жерде орналасқан карьерлік типтегі мыс кеніші. Кен орнының минералды-шикізат қоры — 736 млн тонна. Мыстың орташа құрамдылығы 0,42 пайыз, жалпы құрамында 3,1 млн тонна мыс бар.