Өзбекстанда жеке кәсіпкерлер салықтан босатылды

өзбекстанда
Фото: eurasianet.org

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – Өзбекстанда ауылдағы жеке кәсіпкерлер 5 жылға дейін салық төлемейді. Ел президенті осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды kursiv.kz.

Енді халық саны 5 мыңнан аспайтын елдімекенде тұратындар 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін үкімет төлемдерінен босатылады.

Жеңілдік отбасылық кәсіппен айналысатындарға да жасалады. Енді олар еңбек келісімшарты негізінде жұмысқа 3 жақын туысқанын қабылдай алады.

Сонымен қатар өзбек шаруаларына жеңілдетілген шағын несие беріледі. Несие жылыжай, мал ұстауға ыңғайлы жер, шаруашылыққа қажетті техника алуға қарастырылған. Бірақ осы жеңілдіктер есебінен ірі бизнес көбірек салық төлейтін болады. Қаулыға сәйкес, жер қойнауын пайдаланытындардың төлемі  жоғарылайды.