
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар ойындар бизнесіне қарсы күресті жалғастыруда.
Агенттік мәліметінше, 11 мыңнан астам заңсыз казино мен ойын сайттарының онлайн сілтемелері бұғатталған.
«Лудомания тек қаржылық шығындарға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік салдарға да себеп болып отыр. Ойнайтын немесе басқаларды тартатын әрбір адам қылмыстық тізбектің бір бөлшегі болып табылады. Үнсіз қалмаңыз – мұндай фактілер туралы хабарласыңыз. Қауіпсіздік – жауапкершіліктен басталады», – делінген агенттік таратқан хабарламада.