Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — Соңғы кезде әлеуметтік желіде «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енсе, Ресей мен Экономикалық одаққа мүше басқа елдерден Қазақстанға автокөліктерді экологиялық класстарға шектеуге қарамастан алып келуге болады», деген ақпарат тарады. «Мұның салдарынан автокөлік арзандайды екен», деген сөз де айтыла бастаған.
Бұл тоқтам қазір күшінде және келесі жылы да өзгеріссіз қалады. Бұл туралы kolesa.kz тілшісіне ҚР Инвестиция және даму министрлігінен және Энергетика министрлігінен хабарлаған. Бұл заңға қашан өзгеріс енгізгенше жалғасады.
Сондықтан келер жылы Ресейден көлік тасымалдап, бағасы арзандайды деген әзірге қауесет қана болып тұрған сияқты. Тіпті көтерілуі де мүмкін. Өйткені утилизациялық алым АЕК-пен бірге өседі. 2018 жылдың 1 қаңтарынан есептік көрсеткіш бес пайызға 2 269 теңгеден 2 405 теңгеге дейін өседі. Утилизациялық базалық ставка 50 АЕК тең. Жаңа көрсеткіш бойынша алым 6 800 теңгеден 120 250 теңгеге дейін өседі. Мысалы: көлемі 3.5 Toyota Camry алып келсеңіз, утилизациялық алым 2.6 млн теңгеден 2.8 млн теңгеге дейін өседі.