Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісі ашылды

Жамбыл облысында «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» желісі ашылды

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Жамбыл облысы Ұлттық оператор «КазТрансГаз» АҚ «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры «С» тармағының №3 компрессорлық станциясы іске қосылды.

Күні кеше ғана, қыстың ең суық күндерінде, Қазақстанның оңтүстік өңірі газ тапшылығына ұшырап, көп жағдайда көршілес Өзбекстанның көгілдір отынына тәуелді болып келді. Дегенмен,«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбыры іске қосылғалы, бұл тәуелділік жойылып қана қоймай, ішкі нарықтан артылған газды экспортқа шығаруға мүмкіндік туды.

"Қазіргі уақытта «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Бұхара Газды Регионы – Ташкент, Бішкек, Алматы» магистарлдық газ құбырына жүргізген қайта жаңғырту жұмыстары газ құбырының тасымалдау мүмкіндігін кеңейтті", - деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Нәсбекұлы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өткен жылы құны 20,5 млрд теңгені құрайтын «TIP – 02 Ақыртөбе» газ сығымдау станциясы іске қосылғандығын еске салып, 2017 жылы «Азия газ құбыры» компаниясы Жамбыл облысы аумағында салынып жатқан үш газ сығымдау станциясының үшіншісін іске қосқандығын айтты.

"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры «С» тармағының №3 компрессорлық станциясының құрылысы 2014 жылдың наурыз айында бастау алған болатын. Құрылыстың басты мердігері «ҚазКұрылысСервис» МГҚК АҚ болса, бас жобалаушысы - «Қазақмұнай және газ институты» АҚ. Сонымен қатар СКС-3 компрессор алаңдарында қуаты 30 МВт 3 газ айдау агрегаты орнатылған. Сонымен қатар, ол электрмен жабдықтауға арналған. Әрқайсысының қуаты 1160 кВт, сондай-ақ, 4 газ-поршень генераторы орнатылған.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Похожие материалы