Жекешелендіру аясында саудаға 430 объектілер шығарылды

513

2016 жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 430 объекті шығарылды, оның ішінде 243 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша — 15, коммуналдық меншік бойынша — 118, ӘКК — 60, холдингтер бойынша — 50. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 3 483 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.

2014 — 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 834 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 492 объекті жекешелендіруге жатады.

Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 41 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 28 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 28 объекті шығарылды, оның ішінде 15 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 — 2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 26 қаңтардағы жағдайы бойынша 222 объекті шығарылды, соның ішінде 118 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 — 2016 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым — 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 объекті сатуға қойылды, 60 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 — 2016 жж. арналған сату Кестесі бойынша 132 объекті жекешелендіруге жатады, 26 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 112 объектінің 94 объектісі сауда — саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

Фото:Kapital.kz