Желтоқсан айында қазақстандықтар 222,4 млрд теңгеге депозит ашқан

VseProGroshi.com.ua

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — 2016 жылы екінші деңгейлі банктердегі жеке адамдардың депозиттері  14,8% немесе 1 трлн теңгеге өсіп, жалпы көлемі 7,9 трлн теңгені құрады. Желтоқсан айында  өсім 2,9% немесе 222,4 млрд теңге болды.  Салым көлемі 34 банктің 26-сында көбейген. Бұл туралы ranking.kz жариялады.

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша салым тарту бойынша ең үздік бестікке Халық банкі, Сбербанк, БанкЦентркредит, Kaspi мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі кірген. Олардағы жеке депозит бойынша өсім барлық банктерді қоса алғандағы көлемнің 88,5%-ын құрады.

Желтоқсандағы өсім бойынша банктер арасында бірінші орында Халық банкі.  2016 жылдың соңғы айында жеке тұлғалардың салымы 69,6 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге ұлғайған.  Халық банкі екінші деңгейлі банктердегі жалпы депозит көлемінің 21%-ын иеленеді.

Екінші орындағы Сбербанкте 44,9 млрд теңгеге депозит ашылған. Жалпы жеке депозит көлемі бойынша Сбербанк  банктер арасында 627,8 млрд теңге салыммен 5-ші орында.  2016 жылы банктегі салым көлемі 7,2% -дан 7,9%-ға ұлғайған.

Үшінші орындағы БЦК-да жеке тұлғалар салымы 29,6 млрд теңгеден 551,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған. 2016 жылы жеке салымдар бойынша банктер арасындағы БЦК-ның  үлесі 7-8% құрады.

Төртінші орындағы Kaspi Bank-тегі жеке салымдар желтоқсанда 26,9 млрд теңгеге өскен. Жалпы депозит қоржыны 738,4 млрд теңгені құрайтын банк жеке депозиттер бойынша ТОП 3-ке кіреді.

Желтоқсан айында депозит тарту бойынша ТОП 5-ті Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі аяқтайды. Банкте  бұл айда 25,7 млрд теңге депозит ашылған. Жалпы жыл бойы жеке азаматтардың салым көлемі 4,3% -дан 5,2%-ға өскен.