Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар айында салық түсімдері мен төлемдерінің көлемі 463,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
2017 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда түсім 2,4 пайызға қысқарған.
Ең көп салық көлемі Алматы (114,7 млрд теңге) мен Атырау облысында (44,4 млрд теңге) байқалды.
Өз кезегінде, Астанадан 42,2 млрд теңге салық жиналса, Қарағанды облысынан 34,5 млрд теңге, Алматы облысынан 33,2 млрд теңге жиналды.
Маңғыстау облысындағы жиналған салық көлемі 27 млрд теңге, БҚО-нда 25,5 млрд теңге, Ақтөбе облысында 21,6 млрд теңге, ОҚО-нда 20,9 млрд теңге, ШҚО-нда 20,1 млрд теңге және Павлодар облысында 13,6 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, Қостанай облысынан 11,1 млрд теңге, Ақмола облысынан 10 млрд теңге, Қызылорда облысынан 5,9 млрд теңге, Жамбыл облысынан 5,9 млрд теңге, ал, СҚО-нан 5,2 млрд теңге салық жиналды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024