2016 жылдың қаңтар-наурыз айында Қазақстандағы бір жұмысшының орташа номиналды айлық жалақысы 132,769 мың теңгені құрады (ресми доллар бағамы - 330,14 теңге). Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға жоғары, деп жазылған Статистика комитетінің таратқан хабарламасында.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 298,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 249,6 мың теңге (1,9 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 183,8 мың теңге (1,4 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 181,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 61,7 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 53,5%-ға төмен және білім беру саласында – 88,5 мың теңге ( тиісінше 33,3%-ға төмен).
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 257,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 88,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,1%-ға төмен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024