Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Досым Сатпаев, Рақым Ошақбаев және Бота Жұманова БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестен шығып кетті

Досым Сатпаев, Рақым Ошақбаев және Бота Жұманова БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестен шығып кетті

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Саясаттанушы Досым Сәтпаев, экономист Рақым Ошақбаев, сондай-ақ «Қаржылық еркіндік» қамқоршылық кеңесінің басшысы Бота Жұманова БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестен шығып кетті. Бұл туралы Досым Сәтпаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Досым Сәтпаев мұндай шешімге қоғамдық кеңес пен БЖЗҚ басшылары арасындағы жұмыс істеу бағыты мен онда көтерілетін сауалдарға қатысты келіспеушіліктен кейін келгенін жазады. Ол аталған кеңес зейнетақы қорының жұмысына қатысты мәселелерді ашық көтереді деп үміттенгенін, бірақ БЖЗҚ басшылары оның жұмысына кедергі келтіргенін айтады.

«Мен қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде зейнетақы қорының қаржысы ретсіз жаратылып жатқанын айтып, жиындарда біз көтерген сауалдар Ұлттық банк пен БЖЗҚ-ға ғана емес, үкіметке де жеткенін қалап едім. Біз осы күнге дейінгі зейнетақы қорының қателіктерін реттеуге әсер ететін ұсыныстарымыздан құралған «жол картасын» әзірлеп, үшінші жұмыс тобын жинақтауға кіріскен еді. Бірақ бұл ұсынысмызды БЖЗҚ басшылығы қолдамады», - деп жазды ол.

Естеріңізде болса, зейнетақымен қамсыздандыру бойынша БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңес 2017 жылғы ақпанның 17-сінде жұмысын бастаған еді. Оны құру туралы бастама «БЖЗҚ» АҚ шешімімен көтерілген.

«Жұртшылықтың мүддесін қолдап әрі зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының пікірлерін ескеру керектігін түсіне отырып, біз тәуелсіз кеңесші орган ретінде БЖЗҚ жанынан Қоғамдық Кеңес құруды ұсындық. Ол жариялылық негізінде сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ерікті түрде қатысуымен құрылады», - деген еді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Н. Наурызбаева.

Похожие материалы