Алматы. 5 шілде. 7kun.kz - "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ клиенттері енді Қазпоштаның кез-келген бөлімшесінен депозит аша алады. Бұл туралы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова айтты.
Жақында екі мекеме арнайы шартқа қол қойған. Бұл қызмет Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен салым ашқысы келген шалғай аймақтардағы тұрғындарға қолайлы болмақ. Өйткені банк бөлімшесі аймақтарда жоқ.Сонымен қатар, "Қазпошта" бөлімшелерінде депозит толтыру немесе несие төлеу тегін. Яғни комиссиясыз. Бұған дейін салымшы төлемінің 1 пайыз алынып отыратын.
Қазақстандықтар депозитті 800-ден астам Қазпошта бөлімшелерінен рәсімдей алады. Олардың 38 пайызы - қалалық, 62 пайызы - аудандар мен ауылдарда орналасқан.
Қазіргі кезде Қазпошта қызметкерлері тұтынушыларға тарифтік бағдарлама таңдауда, құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету үшін арнайы оқудан өтіп жатыр. Қазіргі уақытта банкте 460 млрд теңге көлеміндегі 950 мың салым бар. Банк басшылығының пікірніше, жаңа қызмет "Нұрлы жер" бағдарламасын танытудағы қосымша құрал болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024