Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun.kz азаматтық журналистерді іздейді

7kun.kz азаматтық журналистерді іздейді

7kun.kz азаматтық журналистерді іздейді. Негізгі талап - журналистік білімнің және БАҚ-да жұмыс тәжірибесі болмауы керек.

Біз, өз өңіріндегі бизнес, экономика, қаржы жөнінде, қызықты адамдар туралы оқиғаларды, жалпы маңызды және қызықты акпаратты әлемге айтқысы келетін, әр түрлі мәселелерге бақылау жасай алатын адамдарды іздейміз.

Азаматтық журналистерді іріктеу конкурс арқылы өтеді. Конкурсқа қатысу үшін мына сілтемедегі форманы толтыру керек.
Біз сізге:

  • қызықты тақырыптарды іздеуді, кейіпкерлердің бейнесін ашуды;
  • ақпарат жинауды, талдауды, тексеруді;
  • жаңалық, мақала, сұхбат, репортаж жазу мен онлайн БАҚ өкілдеріне журналистік эксперименттер жасауды;
  • мультимедиялық контентті жасауды үйретеміз.
  • Азаматтық журналистерді 5 ай бойы қашықтан оқытамыз, Жоба 2019 жылдың мамыр мен қыркүйек айларының арасында жүзеге асады. Сіз ақпараттық порталдың журналисті қызметін тегін меңгеріп, оған қоса, оқу кезінде жасалған материалдарыңыз үшін АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ.

Азаматтық журналистер Қазақстанның басқа аймақтарының медиа агенттіктерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Конкурс Internews-тің қолдауымен, Ортаазиялық CAMP медиабағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама бойынша толығырақ акпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыздар.

Похожие материалы