8 наурыз - нәзік жандылардың асыға күтетін мерекесі. Бұл күні әрбір көктем сайын құлпыра түсетін сұлулар ер азаматынан есте қалар ерекше сыйлықты күтетіні анық. "Халықаралық әйелдер күні" қарсаңында жігіттер қауымының сыйлық іздеп сабылатыны да белгілі. Нәзік жандыларға сыйлыққа не ұсынуға болады?
1.Әшекей бұйымдар.
Ғасырлар бойы әйелдің ажырамас серігі, сұлулығының дәнекері бола білген әшекей бұйымдар сәннен қалған емес. Сүйіктіңізге алтын не күмістен жасалған, гаухар тастары бар сақина, сырға, алқа, білезік немесе т.б. бұйымдарды сыйласаңыз құрметке бөленеріңіз анық.
Гаухар тасты әшекейлерді қалтаңыз көтермесе, уайымдамаңыз! Заман талабына сай қыздардың талғамы да өзгерген. Сіз Pandora білезігін немесе сүйіктіңіздің аты жазылған кулоны бар алқа сыйласаңыз болады.
2. Косметика және парфюмерия.
Бұл сыйлықтардан ешбір әйел адам бас тарта алмайды. Егер ол өзі ұнататын фирманың тауары болса тіпті керемет. Сондықтан, косметика немесе әтір таңдағанда тәуекелге бармаңыз. Сүйіктіңіздің анасымен, әпкесімен, құрбысымен ақылдасқаныңыз жөн. Ондай мүмкіндік болмаса, сізде тығырықтан шығатын жол да бар. Косметика сататын дүкендерден арнайы сертификат сатып алуыңызға болады, ал қызыңыз өзіне ұнайтын тауарды таңдап алады.
3. Сөмке немесе әмиян.
Әрбір қызды нәзік әрі сұлу көрсететін тағы бір нәрсе - сөмке. Сөмке әйелдерге сенімділік сыйлайды. Сол үшін бұл сыйлықты алу үшін ойланбасаңыз да болады. Тек, мұқият болыңыз! Сөмкені қызыңыздың талғамына қарай таңдаңыз. Егер ол спорттық стильді ұнататын болса иыққа асылатын сөмке, ал классиканы ұнататындарға қолға ұстайтын сөмке ыңғайлы болады. Сондай-ақ, сөмкенің фирмасына да мән беріңіз: Michael Kors, Prada, Gucci, Hermes, LOUIS VUITTON, Furla.
Әмиян да 8 наурызға арналған керемет сыйлық болары анық. Бұл сыйлықты таңдағанда міндетті түрде дүкен қызметкерлерінен кеңес алыңыз. Сүйіктіңіздің ұнатын түсін таңдағаныңыз жөн. Есте сақтаңыз! Әмиянның ішінде міндетті түрде ақша салып беру керек.
4. Абонемент.
Болашақ жарыңыз немесе әйеліңіз әңгіме арасында өзін дамыту үшін арнайы курстарға барғысы келетін айтқан болар, ойланып көріңіз. Мысалы: тігін, торт пісіру, маникюр жасау, визажист, би курстары немесе спорт залына.
Сүйіктіңіздің қалауына қарай осы курстарға абонемент алып, сыйлық ретінде беруіңізге болады.
5. Ас үй жабдықтары.
Қазақ әйелдерінің ерекшелігі - ас үйіне жақындығында. Ас үй ханшайымдары кез келген асхана жабдығын сыйлық ретінде алғанды ұнататыны анық. Мүмкін, сіздің әйеліңізге жаңа тоңазытқыш, ас үй үстелі, микротолқынды пеш, электр ет тартқышы, ыдыс-аяқ немесе т.б. керек шығар.
6. Гаджет немесе телефон жабдықтары.
Соңғы үлгідегі смартфон - мерекедегі ең құнды сыйлық. Егер оған қаражатыңыз жетпесе мүмкіндігі жоғары телефондарды да таңдасаңыз болады. Сүйіктіңіздің жақсы көретін брендіне мән беріңіз.
Смартфонның жабдықтарын да сыйлық ретінде беруге болады. Мысалы: сымсыз құлаққап, қалта қуаттағышы, телефон қабы.
Сыйлыққа беруге болатын гаджеттердің қатарында "ақылды" сағат пен электронды кітап та бар.
7. Эмоция
Мерекелік кешкі ас. 8 наурыз күні сүйіктіңізді қымбат мейрамханаға апарып, оған деген ыстық сезіміңізді білдіріңіз. Гүл сыйласаңыз кешкі ас романтикаға толы болатынына сенімді болыңыз.
Болашақ жарыңызға бұл күні тұрмысқа шығуға ұсыныс жасасаңыз да болады. Қызыңыздың бақыттан басы айналып, қос мерекені бірге тойлайды.
Сүйіктіңіздің көңілін көтеріп, эмоцияға бөлеуді қаласаңыз, оған фотосессия ұйымдастырыңыз, сүйікті әншісінің немесе тобының концертіне билет алып беріңіз, демалыс орындарына бірге барыңыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024