Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Қазақстан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 30 пайызға ұлғайтты

2017 жылы Қазақстан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын 30 пайызға ұлғайтты

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Қытайға экспортталатын ауыл шаруашылық өнімдері 30 пайызға ұлғайды, деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Рүстем Құрманов.

«Ауыл шаруашылығы экспортының географиясы кеңеюде. Қазір Қытай нарығы балық шаруашылығы, қой шаруашылығы, ара шаруашылығы, жылқы, сондай-ақ бидай, кебек пен соя өнімдеріне ашық. Нәтижесінде, ауыл шаруашылық өнімдерін Қытайға экспорттау көлемі 30 пайызға ұлғайды», - дейді Р.Құрманов.

«Алғаш рет 5,6 мың тонна соя экспортталып, соя майының экспорты 14 есеге артты. Орташа есептегенде, мұздатылған балықты, өсімдік майы мен майлы дақылдарды экспорттау екі есеге өсті», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта БАӘ-ге ірі және ұсақ мал жеткізілуіне шектеу қойылған.

«Иранға рапс тұқымдарының экспорты 5,9 есеге, арпа 1,4 есеге, бұршақ дақылдары 1,9 есеге артты», - деп атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы