АҚШ барлаушылары терактіні ұйымдастырушы «Ислам мемлекеті» емес деп отыр

738

АҚШ барлаушылары Париждегі лаңкестік әрекеттерді «Ислам мемлекеті» емес, «Аль-Каида» ұйымы ұйымдастырды деген болжам жасап отыр. Оған себеп — жасалған шабуылдардың күрделілігі.

«Париждегі терактілердің күрделілігін қарайтын болсақ, бұл «Ислам мемлекеті» тобының әрекеттеріне ұқсамайды. Мұндай үйлестірілген шабуылды жасау «Аль-Каида» мүшелеріне тән», – дейді АҚШ-тың терроризммен күрес жөніндегі шенеунігі.

Әйтсе де, «Ислам мемлекеті» террорлық актілер сериясына жауапкершілікті өз мойнына алғанын жазған едік.

БАҚ-тың жасап отырған тағы бір болжамы — террористердің шабуыл үшін Батаклан өнер ордасын таңдауына Charlie Hebdo журналы себепкер болуы мүмкін. Себебі, театрдың кіре берісінде «Je suis Charlie» (Мен Шарлимін) деген жазу ілініп тұрған еді.