Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,42 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,73 теңге / $1) ұлттық валюта 0,69 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,75 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 74 млн 950 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 144.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 380 теңге, Алматыда – 381 теңге.
Ұлттық Банктің 23 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,14 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





