Алматы жолдарында 1500-ден астам жаңа бейнекамералар пайда болады

Алматы жолдарында 1500-ден астам жаңа бейнекамералар пайд

Алматы жолдарында жаңа 1500-ден астам бейнекамералар пайда болады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз-хатшысы Салтанат Әзірбек мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейнетіркеу құрылғылары «Жол қозғалысының автоматтандырылған ақпараттық  қауіпсіздік жүйесі» жобасының аясында орналастырылатын болады. Салтанат Әзірбектің сөзінше, жаңа бейнекамераларды нақты саны әзірге белгісіз. Қала жолдарындағы 100-150 жаңа бекеттерде 15-16 бейнекамерадан болады. Жаңа өзгеріс осы жылы жүзеге асырылуы мүмкін.

ІІД-нің мәліметінше, қазір қалада 10 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Олардың барлығы жол қауіпсіздігін ғана емес, көше мен тұрғын үй аулаларындағы тәртіпті бақылайды.