Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда қызанақтың бағасы қанша?

Алматыда қызанақтың бағасы қанша?

Өткен күндері әлеуметтік желілерде Алматыдағы "Есентай Гурмэ" сауда орталығында қызанақтың келісі 10 000 теңгеден сатылатындығы қызу талқыға түсті. Мегаполистегі өзге сауда орындарында бұл көкөніс қаншадан сатылады? 7kun.kz тілшілері қаладағы ең арзан, ең қымбат қызанақ бағасын біліп шықты.

Ең арзан қызанақ Айнабұлақ базарында сатылады. Осыдан біраз уақыт бұрын келісі 250 теңгеден сатылған көкөністі қазір 350 теңгеден алуға болады.

"Жұлдыз" (оптовка) бен Алтын орда базарында қызанақтың бөлшек бағасы - 400-450 теңге. Ал көтерме бағасы - 300-350 теңге.

Қымбаттау қызанақтарды Тастақ базардан табасыздар. Келісі -500 теңгеден. Атакент маңындағы дүкендерден де қызанақтар осы бағада сатылады.  Мұны сатушылар жалға алатын орындарға байланысты  шығындармен түсіндіреді.

Негізінен бұл көкөніс бағасы сұрыпына байланысты өзара айырмашылық жасайды. Қала ішіндегі шағын аудандарда ораласқан азық-түлік дүкендерінен қызанақтарды 400-450 теңгеден көруге болады. Шағын супермаркет желілерінде  келісі 500 теңге тұрады.

Халық ең көп баратын "Магнум" сауда желісінде ең арзан қызанақ - 445 теңге болса, қымбаты 500-550 теңге. "Рамстор" сауда маркетінде отандық қызанақтың бағасы - 589 теңге. Ең қымбат қызанақ түрі польдық деп аталады. Оның бағасы - 1900 теңге.

Ал Алматыдағы ең қымбат қызанақ - 10000 теңге. "Есентай Гурмэ" сауда орталығында сатылатын өнімдер француздық фермерлердің күтімімен өскен. Сауда орталығының өкілдері мұндай бағаны қызанақтардың өте дәмді болуымен және ешқандай жасанды өсіру, химиялық тыңайтқыштар пайдаланылмайтындығымен түсіндірді. Жасанды өсіру, химиялық тыңайтқыштар пайдаланылмайды. Олар басқа көкөністер сияқты тоңазытқышта ұзақ сақталмайды.

"Сондай-ақ, гастрономда клиенттердің талабын орындау үшін арнайы топ еңбек етіп жатыр және арнайы зертхана құрылған. Кез келген өнім дүкен сөресіне жіберілмес бұрын сапасына байланысты зертханада тексеруден өтеді", дейді сауда орталығының қызметкерлері.

Похожие материалы