Алтын бағасы қатарынан алтыншы сессия өсіп келеді

518
Алтын бағасы қатарынан алтыншы сессия өсіп келеді

Дереу жеткізілетін алтынның бағасы сауданың қатарынан алтыншы күні өсіп келеді, бұл 2012 жылдың тамызынан бері ең ұзақ жоғарылау мерзімі деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Нью-Йорктегі биржа саудасының барысына дереу жеткізілетін алтын 0,4%-ға, троя унциясы үшін $1197,67 дейін қымбаттады. Сәуір айында жеткізілуі қарастрылған фьючерстік келісім-шарттардың бағасы 0,5%-ға, унциясына $1197,3 дейін жоғарылаған.

Сәрсенбі күні АҚШ-та ақпан айында ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарларға деген тапсырыстардың көлемі алдындағы аймен салыстырғанда 1,4%-ға төмендегендігі белгілі болды. Bloomberg агенттігі сұрастыған сарапшылар бұл көрсеткіштің 0,2%-ға өсуін күткен еді.

«Тапсырыстарға қатысты төмен көрсеткіштер доллар бағамының төмендеуіне және алтын бағасының өсуіне әкеліп соқтырды», — деді Alliance Financial LLC аналитигі Фрэнк МакГи.