Ануитетті және дифференцияланған төлем деген не?

33
несие
Фото: Yurface.ru

Барлығымыз несиені ыңғайлы шарттармен алғанды жөн көреміз. Яғни пайызы азын іздейміз. Ал, несие бойынша төлем әртүрлі болады. Олардың ішінде кең таралғаны: ануитетті және дифференцияланған немесе сараланған. Егер несиеңіз болса бұл сөздерді естігеніңіз сөзсіз. Сонымен бұл екеуінің айырмашылығы неде? Саралап көрейік.

Аннуитетті төлемдер –несиенің толық төлем мерзімі аяқталғанша ай сайынғы төлемді бірдей мөлшермен төлеу. Бұл төлемдер банкте арнайы формуламен есептеледі. Төлемнің мұндай түрі клиентке ай сайынғы нақты төлем сомасынан жаңылмауы үшін шығарылған. Негізгі басымдылығы осыда. Түсінікті болу үшін айта кетейік, сіз 100 мың теңге несие алдыңыз делік, оны 10 айда қайтаратын болдыңыз. Ай сайын несиеңіз тура 10 мың теңге болады. Банкте бұл аннуитетті төлем деп аталады.

Дифференцияландырылған немесе сараланған төлем – бұл несие бойынша алғашқы төлемдердің жоғары болып, кейін біртіндеп азая бастайтын төлем түрі. Мұндағы басымдылық төлем ай сайын азая береді. Егер несие алсаңыз қандай төлемді таңдау керек? Мамандар егер сіз шағын тұтынушылық несиені, қысқа мерзімге алсаңыз, онда ануитетті төлем ыңғайлы. Мысалы: ай сайын нақты бір соманы төлеу арқылы бюджетті жоспарлау ыңғайлы. Дифференцияландырылған түрін таңдасаңыз, онда ай сайын төлемді есептеп жүруге тура келеді. Егер ұзақ мерзімге үлкен несие алсаңыз, мысалы несиеңіз 10 жылға болса ең дұрысы дифференцияландырылған төлемді таңдау. 10 жылда банкке артық төлем айтарлықтай болады. Сізге артық төлемнің қажеті не?

Айтқанымыз түсінікті болуы үшін қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейік: «Мысалы сіз жарты жылға 10 мың теңге несие алып, аннуитетті төлемді таңдадыңыз делік. Енді ай сайын банкке 2 мың теңгеден қайтарасыз. Нәтижесінде артық төлем 2 мың теңге болады. Егер дифференцияландырылған немесе сараланған төлемді таңдасаңыз алғашқы айда 2 300, екінші айда 2 200, үшінші айда 2 100, төртінші айда 1 900 теңге төлейсіз. Артық төлемнің өзі осынша болады».

Сонымен кеңесімізді тағы қайталаймыз. Ипотека немесе көп сомалы, ұзақ мерзімді несие алсаңыз дифференцияландырылған төлемді таңдаған дұрыс. Ал, аз және қысқа мерзімге несие алсаңыз аннуитеттті төлем сізге ыңғайлы болады.

Ай сайын шығындарыңызды азайтып, кірісіңізді көбейтуге тырысыңыздар.