Павлодар. 28 ақпан. 7kun.kz - Кеше кешкісін Павлодар облысының Ақсу қаласында белгісіз біреу Еуразиялық банктің банкоматын жарып жіберген.
Күзетші банкомат маңына келген жас жігіттен күдіктеніп жедел әрекет ету тобын шақырған. Сол мезетте белгісіз ер адам банкоматтан алысырақ кетіп, артынша жарылыс болған.
Абырой болғанда, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Банкоматтың өзі 21 ақпаннан бері жұмыс істемеген және сол күні банк қызметкерлері ондағы барлық қаражатты алып кеткен. Банкоматта жұмыс істемейтіні туралы хабарлама ілулі тұрған.
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша бөлімше 1 наурызға дейін жабылған. Қаладағы қалған бөлімшелер әдеттегі тәртіпте жұмыс істеуде.
Бүгін белгілі болғандай банктің шағымынан кейін құқық қорғау органдары күдіктіні ұстаған. Polisia.kz, хабарлауынша 1995 жылы туған күдікті қамауға тергеуге алынған.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024