Астана әкімдігі жылу беру маусымына толық дайын екендігін мәлімдеді

57
Atameken Business Channel

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Астана әкімдігінде елорданың жылу беру маусымына 100% дайын екендігі жарияланды.

«Бүгінде Астананың энергетикалық кешенінің алдағы жылыту маусымына дайындығы жоспардағыдай орындалуда. 2 қазандағы жағдай бойынша энергия көзінің дайындығы 96%, жылу желілері – 90%, электрмен жабдықтау желілері — 99%, сумен жабдықтау — 94%», — деп хабарлады Бағдат Байсадықов.

Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі жеткізілімдерді үнемі қадағалап отырады.

«Соңғы 2 күн ішінде елордаға 28 вагон немесе 1942 тонна көмір келді. Оның ішінде 759 тонна Шұбаркүл бренді, 907 тонна Майқұба, 276 тонна Қаражыра. 3 қазандағы жағдай бойынша көмірдің жалпы көлемі 11 168 тоннаны құрайды», — деп қорытындылады Бағдат Байсадықов.