Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиналысында Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын іске қосу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі уақытта әкімнің тапсырмасымен аталған байланыс орталығын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы барлық қызметтер бір жүйеге тоғыстырылып, орталық «бір қоңырау» принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бірыңғай орталыққа қаланың әрбір тұрғыны өзін алаңдатқан кез-келген мәселе бойынша хабарласып, кең көлемде толыққанды ақпарат алуға мүмкіндігі болады.
Байланыс орталығының бағдарламалық жабдықталуы тұрғындардың шағымдарын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Нәтижелер мен статистикалық мәліметтер «Басшы панелінде» көрсетіліп тұрады.
Ә. Жақсыбеков аталмыш жоба қала үшін өте қажет екенін және оның болашақта қаладағы барлық қызметтерді бақылау мен бағалау құралына айналатынын жеткізді.
Әкім Бірыңғай интеллектуалды байланыс-орталығын 15 қарашада пилотты түрде іске қосуды, ал 1 қаңтардан бастап қала тұрғындарына толыққанды қызмет көрсетуін бастауды тапсырды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024