Басты бетке Бизнес Қазақстанға халал стандартындағы татар фаст-фуды келеді

Қазақстанға халал стандартындағы татар фаст-фуды келеді

712
Фото:ProKazan

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz — Осы жылы Қазақстанға халал стандартына сай, татарлық «Тюбетей» фаст-фуд желісі кіреді. Бұл туралы «Татар-информ» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында желінің негізін қалаушы Сұлтан Сафин мәлімдеді.  

«Осы жылы Қазақстанда ашылуды жоспарлап отырмыз. Елдің солтүстігінде, Ресеймен шекаралас аймақтан тұрақты әріптес табылды. Алғашында дәмхана форматында ашылады», — деді Сұлтан Сафин.

Бүгінде желінің Ресейдің 14 өңірінде нүктесі бар. Фаст-фудтың ас мәзірі негізінен татар тағамдарынан тұрады. Басшылықтың сөзінше, барлық өнім халал стандартына сай келеді.

«Тюбетей» — татар бренді, міндеті — татар мәдениеті мен ас мәзірін өзге аймақтарға, ұлттарға тарату.