«Қазақстан инжиниринг» компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды

659

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен компанияның басқарма төрағасы ретінде Ерлан Ыдырысов тағайындалды. Ол бұған дейін төраға орынбасарының қызметін атқарып келген деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ерлан Ыдырысовқа дейін басқарма төрағасы міндетін атқарушы Димаш Бижанов болған-ды.

Сонымен қатар, аталған директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қанат Сұлтанбеков «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып бекітілді.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ «Самұрық-Қазақстан» мемлекеттік қорының құрамына кіреді және ҚР Қорғаныс министрлігімен басқарылады.