Бай боламын десеңіз…

9670

Атақты бизнес-кеңесші, 20 шақты белгілі кітаптардың авторы, қызыл сөздің шебері Бодо Шефердің бай болуға арналған кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз.

№1 — табысыңның  25%ын және табысыңнан тыс 50%-ын жеке есепшотқа жинап жүр. Сол ақшаларды инвестицияға сал. Банктер ақшаны инфляциядан сақтайтыны рас. Бірақ, оның пайыздық мөлшерлемесі тиын-тебен ғана болады.

№2 — Үнемде! Бірнеше жыл ішінде миллионер болғың келсе, үнемдей біл. Ысырапшылдықтың жағдайды түзеуге көмектесетін кезі болмайды.

№3 — Біздің бір жаман жеріміз — ақшаға дұрыс қарамайтындығымыз. Ақшаны жақсы көр. Қалай құрту жағынан емес, оны сақтау жағынан жақсы көргейсің. Бұл ретте ешкім саған қалауыңды алма деген кеңес беріп отырған жоқ.

№4 — Өзіңнің алдағы 7-10 жылға арналған жеке қаржылық жоспарыңды жаса. Не нәрсеге ұмытылып жатқаныңды, бір жылдан кейін не он жылдан кейін қанша табыс тапқың келетінін анықтап ал. Ол мақсатта жету жолында не істейсің, оны да ойластыр.

№5 — Арманыңның көлемі үлкен болғаны дұрыс. Ойың ғаламат болсын! Миллиардтарды, үлкен табысқа жетуді ойла (мәнсап жолында, саясатта т.б). Үлкен арманыңды кішігірім мақсаттарға бөл. Сол ғаламат арманға жеткізетін мақсаттардың белесін біртіндеп бағындыра бер.

№6 — Сенің ойлау қағидаларың миллионердің, миллиардердің қағидаларындай болсын.

№7 — Өзіңе сенімді бол. Ақша да, адам да сенімділерге қарай тартылады. Тасың өрге домаламай жатса да, бәрі жақсы болатынына сен. (Бодо Шефер 26 жасында банкротқа ұшырайды. Десе де, өзіне деген сенімділігінің арқасында қайтадан көтеріліп, тағы да миллионер атанады)

№8 — Қиындықтардан қорықпа! Сәтісіздіктер мен туындаған қиын мәселелерге қуана біл. Үлкен мақсаттарға жету жолында үлкен қиындықтар туындайтыны анық. Сол мәселелерді шешу арқылы біз өзімізді қайрай түсеміз.

9 — (8-ережеге қосымша): Құлап, қайтадан тұруға күші жеткен адам — мықты бола түседі. (Мұқият оқып, ойланып көріңіз). Дағдарыстың салдарынан қанаты қайырылғандар үшін өте өзекті ереже.

№10 — Қаржылық жағдайың жақсы болуы үшін қаржылық шектеулер керек және өз шығындарыңды жоспарлай білуге міндеттісің. Қаржылық еркіндік қаржылық шектеу арқылы келеді.

№11 — Сәттілікті биге өзің шақыруың керек!

№12 — Егер сен бір істі қолға аламын деп шешіп, 72 сағат ішінде тым құрығанда бастап кетпеген болса, оны ешқашан жасамайсың деген сөз. Көп жағдайда 85%-ы солай болады.

№13 — Байитындығыңа сенімдісің бе? Мейлі сен, мейлі сенбе, жеке қаражатты басқарудың қарапайым ғана ережелерін ұстанатын болсаң, байисың. Ұзақ дегенде 7-10 жыл уақыт алуы мүмкін. Бүгіннен бастап ақшаңа дұрыс қара.

№14 — 20% күш салсаң, ол 80%-дық нәтиже береді. Сәйкесінше,  80% күш салғанда, 20% нәтижеге әкеледі.

№15 — Бай болу — біздің тумысымыздан берілген құқығымыз. Бай болу үшін бай отбасында дүниеге кел міндет емес. Сол секілді жақсы білім алудың да маңызы жоғары деуге болмайды. Қаражатыңа дұрыс қарай білсең, жеткілікті.

№16 — Өзіңе деген сенімділік пен көтеріңкі көңіл-күй — қаржылық табыстың кілті. Табыс дәптерін толтырып жүр. (Бодо Шефер күн сайын жақсы істеген 5 нәрсені жазып отыруға кеңес береді)

№16-кеңеске қосымша — Бір күнде жақсы жасағаныңның саны 5-ке жетпесе, осы күн несімен ұнағанын жазсаң болады. Бүгінгі күнге не үшін алғыс айтасың, соны жаз.

№17 — Денсаулығыңды күтіңіз. Деннің саулығы болмаса, жұмысың алға жылжымайды. Байлығыңнан не пайда, денсаулығың жарамсыз болса?!

№18: Кем дегенде жарты жыл өмір сүре алатындай қаржылық қорың болу керек. Себебі, жұмысыңнан шығып қалуың, табысыңның төмендеп қалуы, еңбекке жарамсыз боп қалуың немесе т.б жағдайлар туындап қалуы мүмкін. Бірақ, осы ережені табысты бизнесмендердің өздері де естен шығарып жатады.

№19 — Жақсы табыс табу үшін білім керек. Үнемі біліміңді жетілдір, дүниетанымыңдың кеңейт. Ақымақтардың тек құмар ойындарында ғана жолы болады. Жолы болса, әрине.

№20 — Капитализм — «қасқырлар мекенімен» бірдей. Мықты дегені жеңіске жетеді. Капитализм заманында өмір сүріп жатқаныңды ұмытпағайсың.

№21 — Байлық — сенің шығарған шығындарың, барған жерлерің, алған заттарың емес. Байлық — сақтағаның, жиғаның.

№22 — Сенің бағаңа сай ақша төлемей ме? Жоқ, егер сен сол жұмыста жасап жатсаң, құның сондай деген сөз. Бір нәрсе ұнамаса, өмір сүру дағдысын, жұмысты, өзіңізді өзгерт!