Банктегі кредиттің төленгенін қалай дәлелдеуге болады?

4877
банк
Фото: okreditah.org

Мен осыдан 4 жыл бұрын «А» банкінен тұтынушылық несие алдым. Кейінірек жұмысымнан айрылып, тек бір жылдан кейін ғана жаңа қызметке орналастым. 2014 жылдың қараша айынан бастап жалақымды алып жүрген «Б» банкі картамды жауып тастады. Олар мұны «А» банктегі кредитіңіз өтелмей жатыр, шотыңыздағы ақша сол жаққа аударылады деп түсіндірді. Бір жылдан кейін банк несиемнің жабылғанын айтып, картаны ашты. Дегенмен бірнеше айдан кейін тұтынушылық несие алған «А» банкі хабарласып, несиемді жабуды талап етті. Айтуынша, кредит үшін ешқандай ақша түспеген. «Б» банкіне хабарлассам, біз барлық қаржыны аудардық дейді. Бұны қалай дәлелдей алам?

Хайрелов Жакслык, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Бірнеше күн бұрын 7kun.kz cайтына осындай хат келген еді. Осыған байланысты редакция аталған екі банкке хат жіберген. «Б» банктің жауабы мынадай болды:

17 ақпан күні келіп түскен сауал бойынша, 1991 жылы дүниеге келген ҚР азаматы Хайрелов Жакслык Нурманович мәселесі қарастырылып, сауалнама иесіне мына телефон нөмірі арқылы толықтай кеңес берілді.

ҚР «Банк және банк қызметтер туралы» заңына сәйкес,  36 бапта басқа банктің тапсырылған төлем талаптары шоттан қаражатты ұстап отыру мынаны меңзейді:
36 бап бойынша банк (банктік операцияларды жүргізіп отырған мекеме) қарызгердің тарапынан банктік мәмілеге қатысты міндеттемелер орындалмаса және банктік мәмледе көрсетілген тәсіл бойынша келісім шартта көрсетілген жолмен төлем жүргізу мен міндетеме жүзеге асырылмаса төлем қабілеті жоқ қарызгердің тарапына қолданатын шаралар туралы қарызгерге хабарлауға міндетті. Хабарлаған сәттен кейін дәл осы баптың бірінші бөлімінде көрсетілген талаптарды қарызгер орындамаған жағдайда банк (жалақы беруші) қарызгердің картасын бұғаттауға тиісті болып табылады.

Осы уақытқа дейін Хайрелов Жакслык Нурманович шотынан алынған соманың барлығы №2 банкке сәтті жолданғанын банктік жүйе айқындады.

Шағымданушы банк бөлімшесіне жеке басын куәландыратын құжатымен келіп жолданған сома жайлы үзінді көшірмені алуға мүмкіндігі бар және осы ақпарат байланыс телефоны арқылы берілді. Жолданған соманың үзінді көшірмесі арқылы №2 банкке барып ары қарай анық-қанығын талқылауға кеңес береміз.

Ал «А» банкі сауалымызды жауапсыз қалдырды.