Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бейжіңде Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

Бейжіңде Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz  – Бейжіңде индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Қытай бірлескен комиссиясының XIV отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ басқарды.

Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, Қытай Даму банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың алдағы қадамдары қаралды.

«Біз қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты. Оны біз мұқият зерделеп шықтық. Ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.

Бейжіңге екі күндік сапар аясында А. Қабыкеновтың China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен кездесуі жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы