Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ атқарушы органның құрамындағы кадрлық өзгерістер жөнінде хабарлайды.
«Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Ержан Төлеубеков банктің басқарма төрағасы лауазымынан босатылды.
Жаңа басқарма төрағасы болып Ульф Вокурка сайланды.
Ульф Вокурка мырзаның қаржы саласында көпжылдық тәжірибесі, кәсіби ортада мінсіз іскерлік дәрежесі мен беделі бар. Дойче банктің түрлі құрылымдарында, қазақстандық ірі қаржы ұйымдарының және ұлттық компанияларының директорлар кеңесінің құрамында қызмет атқарған. Бұдан бұрын ғана «Казкоммерцбанк» АҚ басқармасын басқарған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024