Доллар 323 теңге болды

196

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 31 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 323 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 323,21 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 322,80 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 68 млн 200 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 146.

Ақша айырбастау орындарында 31 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 324,60 теңгені құраған.