Доллар арзандай түсті

доллар
Фото: xeberbiz.az

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 18 қыркүйектегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың курста орташа өлшемді бағамы 370,48 теңгені құрады. 17 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (371,90 теңге / $1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,42 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,15 теңге, ең жоғары – 371,30 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 370,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 28 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 52.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 372 теңге, Алматыда – 372,5 теңге.