Доллар бағамы көтерілді

218
тауар
Фото: 1001 бизнес идея.

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 16 наурыздағы доллардың орташа бағамы 322,76 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 323, сауданың аяқталуы кезінде 322,65 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 57 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 143.

Ақша айырбастау орындарында 16 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 324 теңгені құраған.