Доллар бағамы 339,17 теңге болды

теңге

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасының (KASE) 29 желтоқсандағы күндізгі сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 339,17 теңге болды.  Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, күндізгі сессияда АҚШ долларының минималды курсы 338 теңге болды. Максималды курс — 339,90 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 339,35 теңгені құрады.

KASE мәліметі бойынша, сейсенбі күнгі долларға қатысты сауда көлемі — 115 млн 200 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 163.

Ал Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімдерінде доллар бағамы  341-342 теңгеден сатылуда.

ппп