Еліміздегі жүк айналымы 15%-ға өсті

554
Еліміздегі жүк айналымы 15%-ға өсті.....................

Қазақстандағы жүк айналымы 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылмен салыстырғанда 15,5%-ға өсіп, 78,472 млрд тонна-шақырымды (т/шқ) құрады деп хабарлайды экономика министрлігі.

Республикадағы темір жол транспортындағы жүк айналымы қорытынды есепте 35,937 млрд т/шқ ( 27,1%-ға артық), автотранспорт — 22,575 млрд т/шқ (1,8%-ға артық), теңіз транспорты — 3,672 млрд т/шқ (12,9%-ға аз), әуе-6,1 млн т/шқ (27,5%-ға аз) деген шаманы көрсетті.

Құбырлардың жүк айналымы өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға көбейіп, 19,586 млрд т/шқ-ны құрады, ал қаңтар-ақпан айларындағы жолаушылар тасымалы 2,9%-ға өскен.