Экономика
							
							Facebook киберқауіпсіздікпен айналысатын компанияны сатып алуға ниетті
							
						 
													
						
						Алматы. 23 қазан. 7kun.kz - Соңғы кездері Facebook әлеуметтік желісінің қауіпсіздігі көп күмән тудырды. Оған себеп жақында болған хакерлердің шабуылы. Бұл Марк Цукербергтің компаниясының беделіне елеулі соққы жасады. Facebook  бұл жағдайды түзету үшін киберқауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ірі компанияны сатып алуды жоспарлап отыр, деп  хабарлайды hitech.newsru.com
Жоспарланған келісім  туралы The Information басылымы Facebook жоспарларымен таныс дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады. Екі дереккөздің айтуынша, әлеуметтік желі әзірге бірнеше компанияны қарастырып жатыр. Алайда олардың аттары жария етілмеген. Мәміле ағымдағы жылдың соңына дейін жасалуы мүмкін.
Facebook басшылығының пікірінше, кибершабуылдан қорғауға маманданған компанияны сатып алу әлеуметтік желінің беделін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Facebook-тің қауіпсіздік жүйесін нығайтады. Компанияның ресми өкілі мәмілеге қатысты қауесетке түсініктеме беруден бас тартты.