Греция экономикалық реформалар жоспарын жариялайды

517
Греция экономикалық реформалар жоспарын жариялайды

Греция үкіметі елдегі экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған реформалардың бірінші пакетін  Брюссельге жібереді. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Өткен аптада Еуротоп елдері мен грек үкіметі Грецияны несиелендіру бағдарламасының келесі кезеңін 4 айға созу туралы келісімге қол қойған еді. Жаңа келісім-шарт бойынша, Греция үкіметі халықаралық несие берушілер тобы рұқсат беретін реформалар тізімін жариялауы қажет.

Афина билігі қабылдаған негізгі шаралардың арасында жемқорлықпен күресу және салық саясатының қатаңдауы бар.