Халықаралық банктің төрағасы Джим Ён Ким Қытайдың осы ұйымға берген несиесіне байланысты ХБ басшылығының әрекетін тексеру үшін ірі заңгерлік фирманы жалдады деп хабарлайды The Wall Street Journal ақпараттандырылған дереккөзге сілтеме жасап.
ХБ-ның жоғары лауазымды шенеуніктері осы несиеге байланысты орын алған мәселенің негізгі себептерін анықтауды мақсат етіп отыр. Болжам бойынша, Халықаралық банктің бас қаржы директоры Бертран Бадре несие алу кезінде барлық детальдарды дұрыс есепке алмаған дейді The Wall Street Journal дереккөзі.
Қытай өткен жылы Халықаралық даму ассоциациясының кедей елдерге көмек беру қорына байланысты Халықаралық банкке ірі көлемде қаржы берген еді. Сарапшылардың айтуынша, Қытай үшін бұл халықаралық аренадағы беделін көтерудің бір әдісі. Бірақ банк тарапынан несие алу кезінде өте күрделі кестелердің бірі қолданылған. Қазір Халықаралық қаржы мекемесінің басшылығы осы қиын келісім-шарттың негізінде екі жақтың да мүддесі қаншалықты тең сақталғандығын тексермекші.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





