Халық банктың зейнетақы қоры жабылады

690
Халық банктың зейнетақы қоры жабылады

«Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жабылады деп жоспарланып отыр.

«Халық банк директорлар кеңесі 2014 жылдың 31 желтоқсанында «Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ» АҚ еншілес ұйымының ерікті түрде жабылуы туралы шешім қабылдады. Қабылданған шешімге сәйкес қорды жабу мерзімі 2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ҚР заңнамасында көрсетілген тәртіпке сәйкес толық жүзеге асқанға дейін жүреді» деп атап өтілген банк хабарламасында.

2014 жылдың 10 қыркүйегінде «Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Қазақстан қор биржасы (KASE) қор нарығының мүшелігінен ерікті түрде бас тартып, шығарылған болатын.