Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Бүгін әлемдегі ең ауыр әрі ең қуатты зымыран Falcon Heavy ғарышқа ұшыралады. Зымыранды Илон Масктың SpaceX компаниясы жасап отыр. Илон Маск осы зымыраны жайлы Твиттер парақшасына видеоролик жариялады.
Видеороликте алдағы ұшудың түрлі сатылары схемалық түрде көрсетілген. Ұшу Карневаралдан басталып, ғарышқа көтерілген соң, бүйір жағындағы екі ракетаның жерге оралуы, ал орталық сегменттегі ракета қақ айырылып, Tesla Roadster автокөлігі орналыстырылған жоғарғы жағы Марс орбитасына қарай жылжитындығы, ал төменгі жағы Атлант мұхитындағы платформаға келіп қонатындығы толық көрсетілген.
https://twitter.com/elonmusk/status/960579820487954432?ref_src=twsrc%5Etfw&ref_url=https%3A%2F%2Fnews.rambler.ru%2Ftech%2F39061667-mask-opublikoval-videorolik-o-predstoyaschem-zapuske-falcon%2FFalcon Heavy ұшыру 6 ақпан АҚШ-тың шығыс жағалауындағы сағат бойынша 13: 30-ға жоспарланған. (Астана уақытымен 7 ақпан 00:30)
Жаңа зымыран тасығыш - Falcon 9 ракетасының базасында жасалынған. Онда үш ракета қатар орналастырылған: Орталық сегменттегі ракетада екі үдеткіш қосылған. Әрбір сегмент тоғыз қозғалтқышпен жабдықталған. Жалпы 27 қозғалтқыштың күші 2,2 мың тоннадан асады.
Бүйіріндегі екі ракета ғарышқа көтерілген соң, қайта қолданысқа жарау үшін, Карнавералға қайта оралып, қонады. Ал орталық сегменттегі ракета ұшуын Атлант мұхитындағы платформада аяқтауы тиіс.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!