Алматы. 16 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 16 қыркүйектегі доллардың орташа бағамы 339,26 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 339,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 339,45 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 21 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 60. Ақша айырбастау орындарында 16 қыркүйекте доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 340 теңгені құраған. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





