Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2006 жылғы банкноттарды айырбастау үшін банктерде комиссия алынбайды

2006 жылғы банкноттарды айырбастау үшін банктерде комиссия алынбайды

Алматы. 16 маусым. 7kun.kz - Ұлттық банк филиалдары 2016 жылдың 4 қазанынан бастап айналымнан шығатын 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10 000 теңге банкноттарын айырбастау кезінде комиссия алмайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Тоғжан Әбішева мәлімдеді.

Ол басқа да екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы номиналдарды қабылдайтынын атап өтті. "Екінші деңгейлі қаржы институттарының кассалық операция бойынша комиссия көлемін белгілеуге құқығы бар. Алайда, кейбір банктердің мәліметінше, айырбастау операциялары бойынша комиссия алынбайды", - деді Тоғжан Әбішева.

Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттар 4 жылға дейін банк филиалдарында қабылданатынын айтты.

«Біз тағы бір еске салғымыз келеді: 2016 жылдың 3 қазанынан бастап 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттан айналымнан шығады. Ал 2016 жылдың 31 желтоқсанында 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңге номиналы айналымнан шығады. Халық арасында келеңсіз жағдайлар болмай, ескі банкноттарды жаңа үлгіге ауыстырып үлгеру үшін номиналдардың айналымда қатар жүру мерзімін жариялаймыз. Ал егер банкноттарды айырбастап үлгермегендер болса, бір жыл ішінде екінші дәрежелі банктерден айырбастай алады. Ал Ұлттық банк төрт жылға дейін ескі номиналдарды қабылдайтын болады", - деді Әбішева.

Қаржы институты 2016 жылдың 4 қазанына дейін барлық ескі номиналдар еш шектеусіз төлем ретінде қабылданатынығын атап өтті.

Похожие материалы