2017 жылдың қаржыландыру стратегиясы қалай болмақ? Осы жылы қазақстандық инвесторлар қандай активтерге баса назар аудару керек? Назарларыңызға сарапшылардың пікірін ұсынамыз.
Нұрлан Ашинов «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ Сараптама департаментінің директоры:
2017 жылы акция нарығы біз күткенге қарағанда, қызықты әрі таңдау мол болады. , Кәсіпкерлерді банктік және мұнай секторлары қызықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Бразилия сияқты дамушы мемлекеттердің компания акциялары көп сұранысқа ие болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл елдерде бірнеше жылдар бойы көрсеткіш төмен болғанымен, биыл жақсы өсім көрсетеді. Онымен қоса, шикізат нарығы тұрақталып келеді. Мұның барлығы бұл мемлекеттердің компанияларына жақсы нәтиже алып келеді. Теңге мен рубль курстары да әзірге тұрақты. Девальвацияға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз. Доллар мен евроға қарағанда, теңге мен рубль арқылы салынатын инвестициядаран келер пайда көбірек. Сондықтан активтердің басым бөлігін жергілікті валютада ұстау тиімді.
Евгения Абрамович, Dukascopy Bank SA ақша қауіпсіздігін сараптау басқармасының жетекшісі:
Жылдың бірінші жартысында америкалық және еуропалық компаниялардың акцияларында өсім болады. Тауар келісімдерінің бағасы көтеріледі. Алайда, жазға таман бұл тенденциялар әлсірейді. Себебі олар әлем бойынша саяси қауіпті күшейтеді және ғаламдық экономика өсімін баяулатады.
Мамыр айында Францияда болатын президент сайлауына еуроскептик кандидаттар қатысатындықтан Еуроодақтың бірігу мүмкіндіктерін азайтады. Ал тамыз айында Германияда парламент сайлауы өтеді. Еуропадағы сайлаудан бөлек, 2017 жылы АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп сайлауалды бағдарламаларын орындауды бастайды. Ал Ұлыбритания Brexit-ті жүзеге асыруға кіріседі. Бұл екі процесс те ғаламдық экономика өсімінің төмендеуіне қатер төндіреді.
Сонымен қатар, бұл жылы Федералды қор жүйесі қаржы-кредиттік саясатты күшейтеді. Американың тауар нарығы шарықтау шегіне жетті және инфляциялық қысым өсетіндіктен ФҚЖ-ның мөлшерлемені бірнеше есе көтеруіне тура келеді. Мұндай жағдай алдыңғы екі жылда болмаған еді.
Инвесторлар үшін тағы бір қауіп төндіруі мүмкін нәрсе – Қытайда болып жатқан ахуалдар. Қытай ұлттық валюта құны төмендеп кетпеуі үшін, алтын-валюта қорларын ұстай бастады. Өткен жылы бұл мақсаттарды орындау үшін Қытай қордың шамамен 10%-ын жұмсап үлгерді. Болжам бойынша, 2017 жылы Қытай халық банкі қаржылық интервенциялардан бас тартып, юаньның құнсыздануына жол береді. Бұл өнеркәсіптік металлдар мен мұнайдың бағасына кері әсер етеді.
Біздің есептеуімізше, 2016 жылы тауар келісімдерінің бағасы 20%-ға өскендіктен, шикізат құны 2017 жылдың екінші жартысына таман төмендейтін болады. Бұл мәселе өз кезегінде доллар курсының қымбаттап, сұраныстың азаюына қатерді күшейтеді.
Жыл соңында алтын құнының өсімі байқалады. Себебі әлемдік ЖІӨ баяулауы және геосаяси қатерлер инвесторларды қорғалған активтерді сатып алуға мәжбүрлейді.
Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясының аналитикалық департаменті директорының орынбасары:
Ресей, Бразилия және ОАР елдері бойынша. Бүгінде ресей рублі, бразилия реалы және аз мөлшерде оңтүстікафрикалық рэнд дамушы елдерде ең табысты валюталар болып отыр. Дамыған елдердің қор нарығында жапон акциялары назар аудартады. Жапондық иена – барлық әлемдік қор валюталарының ішінде ең көп табысқа ие болды. Ал ТМД елдері бойынша Рсей мен Қазақстан алдыңғы қатарда тұр.
Жеке салаларды қарастыратын болсақ, барлық аталған мемлекеттердің ішінде ең табысты әрі өтімді акциялар – қаржы-банктік секторлар. Ресейде бұл сектор бойынша біз Сбербанк пен Мәскеу биржасының акцияларын ұсынар едік. Мұнай бағасы өсіп жатқандықтан мұнай-газ активтері көп қызығушылық тудыратын болады. Осы жылғы Ресейдің фавориті – «Газпром». 2016 жылы Еуропада табыстың және сұраныстың азаюы салдарынан «Газпром» акциялары құны төмендеді. Еуропада қыс өте суық болатындықтан, бұл ауданда газға сұраныстың орны толықтырылып, «Газпром» акциялары алдыңғы қатарға шығады деп күтіліп отыр.
Қазақстанда мұндай активтің рөлін «ҚазМұнайГаз» ойнайды. Сонымен қатар, Ресей, Бразилия, ОАР, Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттердің тау-кен және металлургиялық секторларының акцияларына назар аударуға болады.
Басқа қаржылық активтердің ішінен рубльді қысқа мерзімге ғана ұсынар едім. Ал ұзақмерзімді пайдалануға доллар дұрыс. Алтын қысқамерзімді алып-сатуға тиімді. Егер еуро құны қатты төмендесе (1 еуро-1,02 долларға дейін), онда еуроны қысқамерзімді қолданысқа да енгізуге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024