Екі жыл бойы банктердің кредиттеуі бәсеңдеді, жаңа ақша-кредит саясаты енгізіліп, теңгеге сенім де азайды, бірақ сарапшылар келер жылы банк секторында оң өзгерістер болуы мүмкін екенін айтады.
Кредиттеудің 2015-2016 жылдары нашарлап кеткенін банкирлер мойындады, оның үстіне теңгеге сұраныстың болмауы да жағдайды қиындатып жіберген. Халық банкінің төрағасы Үміт Шаяхметова халықтың несие алмауына Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуы себеп болып отырғанын айтады. - Егер базалық мөлшерлеме түссе, доллар курсы да түсіп, ұлттық валюта күшіне енеді. Нарықтағы теңгенің көлемі арта түседі, мұндай жағдайда банк оны қалай пайдаланады? Экономиканы кредиттеуге жіберуі мүмкін, бірақ халық несие алмайды. Себебі, ел экономикасы дамымай, бір орында тұр. Бір жағынан ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге қатысты мөлшерлемесі тым жоғары, бұл бізге тиімсіз болып отыр, - дейді Үміт Шаяхметова. «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ сараптама бөлімінің басшысы Нұрлан Әшінов те осындай пікірде. Оның айтуынша, банктерге табыстың басқа көзі тиімді болғандықтан, оларға Қазақстан экономикасын кредиттеудің қажеттілігі туындап отырған жоқ. - 2016 жылы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсіреді деп ойлаймыз. Осы жылы ол 12 пайызға түссе, келер жылдың соңына дейін 10,5 пайызға түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда өсімді сақтап отыру үшін банктер амалсыздан кредиттеуге көшеді. Сәйкесінше, келер жылы кредиттеу үлесі әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, - дейді бөлім басшысы. Дегенмен, кейбір сарапшылардың пікірінше, 2017 жылы айтулы өзгерістер болады деп күтудің қажеті жоқ. «Альпари» компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, банктер жаңа табыс көздерін іздеп, ірі бизнесті қолдауға ден қоя бастайды. - Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені азайтқан соң, банктер табыстың басқа көздерімен – ірі компаниялармен серіктес бола бастайды. Банктердің шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс істеуіне Қазақстан да, Ресей де шектеу қоймайды. Бірақ ол жақтан келетін табыс та тым көп болмайды, - дейді сарапшы. Сонымен қатар, Анна Бодрова 2017 жылы жеке тұлғалардың депозит ашуы қайта жандана түсетінін айтады. «Инфляция деңгейі депозиттің пайызынан төмен болса, халық салымдарға қайта қызыға бастайды да, ары қарай да сол тұрақтылық сақталса, банктерге ұдайы табыс келіп отырады» дейді сарапшы.Жаңа бәсекелес
Банктердің бірігуі жағдай нашарлаған соңғы екі жылда өзекті бола түсті. Журналистермен болған кездесулердің бірінде Үміт Шаяхметова 2017 жылы бірқатар банк бірігуі мүмкін екенін айтқан. - Қазақстан экономикасы 2000-жылдары болған қарқынмен дамып жатқан жоқ. Банк клиенттерінің саны азайды, бизнес те өспей тұр. Банк нарығында бірігулер, сатып алулар болуы мүмкін. Бұл ірі банктерді ғана емес, орта және кішілерін де қамтуы ықтимал, - деген еді Шаяхметова. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев та 2017 жылы кейбір банктердің бірігу ықтималдылығы барын растап, бұл банктердің аман қалуы үшін жақсы шешім екенін айтқан. - Жеткілікті капиталы жоқ банктер акционерлер есебінен ақшасын көбейтуіне болады не банктер бірігіп, кейбір әріптестерін сатып алып үлкейе алады. Мұндай синергия банктер жұмысының өнімділігін арттырады, - деген еді Данияр Ақышев. Айта кетейік, Халық банк осы жылы қытайлық СИТИК-Банкке Altyn Bank-тегі үлесін сату туралы шешім қабылдаған еді. Қытайлықтар соңғы жылдары қаржы қызметінің жаңашылдары ретінде танылып жүргенін ескерсек, бұл елдің банк нарығындағы бәсекелестікті күшейе түсуі мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024