Выбор редактора
2018 жылы шыққан қазақша бизнес әдебиеттер
Қазақстанда кітап дүкендері сөрелерінен кәсіпкерлік, іскерлік, бизнес жайлы қазақша кітаптарды табу оңай емес болатын. Авторлар да, оқырман да бизнес тақырыбына аса назар аудара қоймайтын. Алайда, соңғы 2-3 жыл көлемінде олқылықтың орны толғандай. Серікбай Бисекеев, Қуаныш Шонбай, Бақытжан Бұқарбай секілді бизнесмен, мотиваторлардың кітаптары жарыққа шықты. Әсіресе, 2018 жылы қазақ әдебиетіндегі бизнес саласында жазылған кітаптардың саны көбейді. 7kun.kz биыл "тұсауы кесілген" қазақша бизнес әдебиеттер тізімін ұсынады.
1.
Бақытжан Бұкарбай. "Күн көрістен кет, байлыққа жет".
[caption id="attachment_99877" align="alignleft" width="234"]
Фото: Instagram[/caption]
Кітаптың аты: "Күн көрістен кет, байлыққа жет"
Шыққан жылы: 2018
Бағасы: 4500 тг
Қайдан сатып алуға болады?: "Меломан" желісі, Amalbooks.kz сайтында, Facebook-тағы AmalBooksKZ парақшасында.
Белгілі қазақстандық саясаттанушы, суретші, публицист Бақытжан Бұқарбайдың бұл кітабында 30 жылдық тәжірибелері бар 13 бизнесменінің жетістікке жету жолымен танысасыз. Кітап оқырманға жеңіл оқылуы үшін сұхбат түрінде емес әңгіме түрінде жазылған. Кітапта кейіпкерлердің ешқандай өмірбаяны көрсетілмеген, тек қандай білім, қандай формула пайдаланатыны туралы жазылған. Бизнесмендер қатарында Нұрлан Смағұлов, Серікбай Бисекеев, Қуаныш Шонбай, Қайрат Құдайбергеннің тәжірибелерінен сабақ ала аласыз.
2. Қуаныш Шонбай. "Екінші болма".
[caption id="attachment_99868" align="alignleft" width="300"]
Фото: Hommes.kz[/caption]
Кітаптың аты: "Екінші болма"
Шыққан жылы: 10.01.2018
Бағасы: 3500 тг
Қайдан сатып алуға болады?: "Меломан" желісі, "Rumi", "Dala", "Madeni" мейрамханаларында, интернет-дүкендерде
2,5 жылда 10 мейрамхана ашқан қазақстандық кәсіпкер, "Rumi" мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Қуаныш Шонбай кітап туралы: "Бұл кітаптың ерекшелігі – ол, мен оқыған алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған қоса, сол кітаптардан түйгенімді қолдану, жүзеге асыру, біздің менталитетті ескеру және соның нәтижесінде орын алған тәжірибе", - дейді.
"Екінші болма" кітабынан не үйренесіз? Бұл кітапта автор өз тәжірибесімен бөлесе отырып, жас кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, маңызды тақырыптар аясында әңгіме қозғайды: Өзіңді қалай дамыту керек?, 2,5 жылда 10 мейрамхана қалай ашуға болады?, Мықты қабілетіңді анықта, Неге батыс кітаптары бізге көмектеспейді?, Жасау, Өзіңді жеңу, Окоп кезеңі дегеніміз не?, Әлеуметтік желінің күші, Қандай фильм, кітаптар оқу керек?.
3.
Арман Әлменбет. "Берекелі бизнестің сыры".
[caption id="attachment_99904" align="alignleft" width="300"]
Фото: deskgram.net[/caption]
Кітаптың аты: "Берекелі бизнестің сыры"
Шыққан жылы: 2018
Бағасы: 3500
Қайдан сатып алуға болады? : "Меломан" желісінде.
Көпшілікке жас жазушы ретінде танымал Арман Әлменбеттің "Берекелі бизнестің сыры" кітабы Ерлан Әшімнің кәсіпкерлігіне арналған. Ерлан Әшім екі компанияның негізін қалаған кәсіпкер. Оның сүт өндіретін және электр тауарларын шығартын зауыттары бар. Кітапта кейіпкердің кәсіптегі жетістіктері, жүріп өткен жолдары, бизнесмен ретіндегі тәжірибесі, тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңдер, батыстық білім мен қазақы құндылықтардың ұштасуы, бизнестегі сауаттылық туралы жазылған. Арман Әлменбет өз кітабы жайлы былай дейді:
– Кітап белгілі кәсіпкердің бизнестегі асқан асулары мен аттаған белестерінен сыр шертеді. Бұл еңбегімде көптеген іскерлік кітаптар сияқты құрғақ теориямен шектелуді жөн көрмедім. Тіпті кітаптың бас кейіпкері бизнес саласындағы басты ұғымдар мен теорияларды білмей-ақ екі компания құрған. Қалай дейсіздер ғой? Қазақы тәрбие мен ұлттық құндылықтар арқылы.
4. Нұрлан Жанай, Абзал Досым. "Сиқырлы SMM"
Кітаптың аты: "Сиқырлы SMM"
Шыққан жылы: 2018
Бағасы: 3500
Қайдан сатып алуға болады?: hogwart.kz сайты, интернет-дүкендерде
19 желтоқсан күні Астанада тұсаукесері өткен кітаптың авторлары Нұрлан Жанай мен Абзал Досым әлеуметтік желі арқылы кәсіп жүргізудің қыры мен сыры туралы бірнеше жерде тәжірибесімен бөліскен болатын. Ал, енді өздерінің көрген білгендерін қағаз бетіне басып, кітап шығарды. "Сиқырлы SMM" кітабы арқылы оқырмандар автоматты түрде Hogwart SMM мектебінің тәлімгеріне айналады. Сондай-ақ жеке бренд қалыптыстырып, аудиториямен байланыс орнатуды, контент жасауды, SMM маманы болып ақша табуды үйренеді.
Кітап авторы Абзал Досым : "Кітапты жазарда, оны басқалардан ерекше етуге әбден бас қатырдық. Қызықты болсын деп Гарри Поттер фильмінің желісіне ұқсатып жаздық. Кітаптағы әр бөлімнің Hogwarts-тан келген өз профессорлары бар. Оқырманға Северус Снег, Дамблдор сияқты профессорлардан дәріс алу қызықты болар деп шештік" , - дейді.
5. Айман Алдаш. "Кәсіпкерлік сөздігі".
Кітаптың аты: "Кәсіпкерлік сөздігі".
Шыққан жылы: 2018
Қайдан алса болады?: "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында, электронды түрде
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы және Тіл білі институты бірлесіп шығарған бұл кітап әсіресе, ауыл тұрғындарын бизнес, қаржы саласында оқытуда таптырмас құрал. Сондай-ақ, сөздікте кәсіп ашуда жиі қолданылатын терминдер мен сөз тіркестердің қазақша атаулары жазылған. Кітап қаржы саласы, бизнес мамандарына арналған. Жинаққа кәсіпкерлікке қатысты 500-ге жуық терминдер енгізілген. Сөздердің орыс тіліндегі баламасы көрсетілген.
«Біз әрбір сөздің шығу тегі, семантикасына мән бердік. Мәселен, қазір кәсіпкелер франчайзинг, лизинг т.б терминдерді жиі қолданады. Сөздікте бұл сөздерді қазақшаға аудару, немесе қазақша баламасын ұсыну мақсат болған жоқ. Біз осы халықаралық терминді қазақи ұғымға сай, кеңінен түсіндірдік. БАҚ тілінде сөз тіркестерінен мысал алдық. Кітап шықпас бұрын аймақтарға электронды нұсқасы таратылып, талқыланды, кейбір сөздер алынып тасталды, көп термин жаңадан енгізілді. Бұл тың жоба болатыны анық. Әлі де ізденіс үстіндеміз»,- деп түсіндірді кітап авторы Айман Алдаш.
6. Арман Әлменбет. " Менің бірінші бизнесім".
[caption id="attachment_99956" align="alignleft" width="244"]
Фото: qazyna.kz[/caption]
Кітап аты: " Менің бірінші бизнесім"
Шыққын жылы: 2018
Бағасы: 1 700
Қайдан сатып алуға болады?: Қазына кітаптар дүкені
7. Мырзагелді Кемел. "Бизнес туралы қанатты сөздер".
[caption id="attachment_99958" align="alignleft" width="197"]
Фото: Kitap.kz[/caption]
Кітаптың аты: "Бизнес туралы қанатты сөздер".
Шыққан жылы: 2018
Қайдан алса болады?: kitap.kz , qamba.info сайттарында электронды түрде
Жазушы Мырзегелді Кемел бұл кітабында әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің қанатты сөздерін, қазақтың ата-бабадан қалған нақыл сөздерін біріктірген. Оқырман кітапты оқи отырып өзіне керекті мотивация алады. Ойда жүрген бизнесін бастауға, қателіктерден бойын аулақ үстауға көмектеседі. Сондай-ақ кітапта бірнеше терминдерге анықтамалар келтірілген.