Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

В. Школьник: Бензин бағасы арзандамайды

В. Школьник: Бензин бағасы арзандамайды

Энергетика министрі Владимир Школьник алдағы уақытта бензин бағасы арзандамайды деп мәлімдеді.

«Алдағы уақытта бензин бағасы арзандамайды, себебі біз баға шегіне жеттік. Зауыттардың да, мұнай өңдеу өнеркәсібінің де бағалары төмендемейді. Бұл - технологиялық процесс», – деді ол мәжіліс отырысынан кейінгі журналистермен кездесу кезінде.

Оның атап өтуінше, қазіргі жанар-жағармай нарығының алдағы уақытта қалай өзгеретіндігін ешкім болжай алмайды.

"Бұл істі нарық реттеп отырады. Бәсекеге қабілетсіздер нарықтан жоғалып кетуі мүмкін",-деді министр.
Қазақстан үкіметі 2015 жылдың 6 қарашасында «Қазақстан үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы «Бензин және дизельдік жағармайлар акциздерін бекіту туралы» №133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №887 қаулыны қабылдады.
Енді бензин өндірушілер (әуе жолын қоса есептегенде) мен дизель көгілдір отынын жеке өндірушілер үшін көтерме сауда жасау 10,5 мың теңгені құрайды. Бұдан бұрын бұл көрсеткіш 4,5 мың теңге болған. Ал бөлшек сауда жанармай құю бекеттерінде 11 мың теңгені құрайды (бұдан бұрын — 5 мың теңге).

Фото:bigmir.net

Похожие материалы